Үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды

3 Наурыз 2021, 16:14
1681
Бөлісу:
Үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды

Алматы, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шығып, баспана толығымен жанып кеткен еді. Өрт шыққан кезде үйде адамдар болған, олар қолына ілінген заттарын алып, жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған.

Отбасыда 6 бала бар - үлкені 14 жаста, кішісі - 7 айлық. Олар атаулы әлеуметтік көмек алады. 

Өрттен зардап шеккендерге жергілікті әкімдік пен ауыл тұрғындары, демеушілер және мешіт имамдары тарапынан көмек көрсетілді. 

Бүгін жаңа тағайындалған аудан әкімі Қайдар Әбдіханов облыс басшысы Амандық Баталовтың тікелей тапсырмасымен демеушілер көмегімен көпбалалы отбасыға Талғар қаласынан жаңа баспана сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы