Ақтөбеде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

30 Тамыз 2021, 21:28
3275
Бөлісу:
Ақтөбеде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ҚР Конституциясы күніне орай баспана кезегінде тұрған 14 көпбалалы отбасыға Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабынан көптен күткен пәтерлерінің кілттері табысталды. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін барлығы 54 пәтер сатып алынған. Ақтөбеліктерді маңызды жаңалықтарымен облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады.

Ақтөбеде 24 мыңдай отбасы баспана кезегінде, тағы 145 мыңдай жерлесіміз жеке тұрғын үй салатын жер кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жылдан жылға баспана мәселесін шешу шаралары қабылданып жатыр. Біздің проблемамызды ешкім сырттан келіп шешіп бермейтінін түсінуіміз керек. Мұны біз өзіміз тек еңбекпен, шыдамдылықпен және бірлікпен істей аламыз,- деді жаңа қоныс иелерінің үйіне тыныштық пен молшылық тілеген облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабының 3-ші шағын ауданындағы құрылыстың жоспарымен танысты. Бүгінде 3-шағын ауданда 180 пәтер салынған, жалпы аумағы 68,8 мың м2 болатын мың пәтер болады. Жуырда мұнда 320 орындық балабақша мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызуға кіріседі.

Бұдан өзге, сол күні облыс әкімі "ПАТП" ЖШС-де болып, жақында Ақтөбеге әкелінген сыйымдылығы үлкен 32 жаңа автобусты қарап шықты. Облыс әкімі автобустарды 1 қыркүйекке дейін жұмысқа шығаруды тапсырды. Айта кетейік, бұл Алматыда қоғамдық жолаушылар тасымалы жағдайын жақсарту үшін жиналған автобустардың бірінші партиясы ғана. Жыл соңына дейін Ақтөбеге тағы осындай 118 автобус әкелінеді. Әрқайсысының құны - 50 млн теңгеге жуық. Көліктер жеке инвесторлардың қаржысына сатып алынуда.

Ақтөбелік жүргізушілерді бақылау климаты жүйесімен жабдықталған жаңа автобустарды басқаруға Алматыдан келген әріптестері үйрететін болады.

"Жыл басынан бері қоғамдық тасымалдау саласындағы проблеманы шешетін жол картасы бекітілген. Негізгі проблема - Ақтөбеде жолаушыларға қызмет көрсететін көлік құралдарының ескіруі. Автопаркті жаңартуға инвестор тарту үшін алдымен жағдай жасау керек болды. Соған сай электрондық билет пен дифференцияланған тариф енгізілді, әлеуметтік маңызы бар бағыттардың субсидиялануы бекітілді. Нәтижесінде инвестор автобустардың бірінші партиясын әкелді. "Автопарк" ЖШС де автобустарының жаңартылуымен жұмыстанатын болады. Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тасымалдау жағдайы жүйелі түрде әрі түпкілікті шешіліп жатыр,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.
Өзгелердің жаңалығы