Астана
-
-
Елордадан 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастыруда. 26 қарашадан 27-сіне қараған түні елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
27.11.2021
-
Елордада мектеп оқушыларының Ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27-28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелеріне арналған Ұлттық мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирі өтеді.
27.11.2021
-
Астанада тағы екі елді мекен газға қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Агроқалашықтың қалған бөлігін және Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң жағы газға қосылды, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.
26.11.2021
-
Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге ТМД мемлекеттерінен және еліміздің 6 өңірінен келген спортшылар қатысуда.
26.11.2021
-
Бір тәулік ішінде елордадан 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы күндері елордада қар көп жауды, тек өткен күннің өзінде бұл көрсеткіш айлық жауын-шашын мөлшерін құрады.
26.11.2021
-
Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері" атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатар.
26.11.2021
-
Елордалық емханаларға 1,2 млн-нан астам адам тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бекітілген халық тіркелімі" порталының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне бекітілген қала тұрғындарының саны 1 275 277 адамға жеткен.
26.11.2021
-
Астаналық полицейлер көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті.
25.11.2021
-
Нұр-Сұлтанда екінші ауысымының 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлады.
25.11.2021
-
Астанада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды. Салдарынан таңертең автобустар аялдамалардан бірнеше метрге алыс тоқтады. Жаяу жүргіншілерге омбы қармен жұмысқа жету қиындады.
25.11.2021
-
ӘМСҚ: 1,3 млн-ға жуық адам алғашқы медициналық көмек ұйымдарына тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тіркелген тұрғындар тізбесі порталының деректері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген тұрғындар саны 1 275 277 адамды құрайды.
25.11.2021
-
Елорданың бас дәрігері баласына коронавирусқа қарсы екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырып жатқан жасөспірімдер саны күн санап артуда. Олардың қатарын бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұлы Нұрәділ Мұратов толықтырды.
24.11.2021
-
Елорданың бас дәрігері ревакцинация алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе алды. Бұл жолы оның таңдауы отандық QazVac вакцинасына түскен.
24.11.2021
-
Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қыста ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген брифинг барысында айтты.
24.11.2021
-
Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
24.11.2021
-
Елорданың 7 мектебіне қазақ зиялыларының есімі берілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда мәслихатының депутаттары республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдады.
24.11.2021
-
Ұлан сарбаздары елордада ұрлыққа қатысы бар алаяқты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып келе жатқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінен бөлінген әскери жасақ күдікті көрінген ер азаматты ұстады, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
23.11.2021
-
Елордадағы сауда орталығында 29 жастағы әйел көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды.
23.11.2021
-
Елорданы дамытудың 3 бағыты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары әртүрлі әлеуметтік топтарды ескере отырып жасалған елорданы дамытудың әлеуметтік-экономикалық стратегиясы.
22.11.2021
-
Алтай Көлгінов елордадағы кептелісті жою жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалада жаңа шағын аудандар пайда болып, тұрғындар мен автомобильдердің саны өсуде, осыған орай жолдарда кептеліс көбейіп келеді.
22.11.2021
Наверх