Елорда емханаларында Ашық есік күні өтеді

4 Мамыр 2023, 11:47
1450
Бөлісу:
Елорда емханаларында Ашық есік күні өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астанада 4 және 5 мамыр күндері қалалық емханаларда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлемде 339 миллионнан астам адам демікпемен ауырады деп есептелінеді. Демікпені толықтай емдеу мүмкін емес, бірақ ауруды бақылауда ұстап, қолайлы өмір сүруге болады.

Астана тұрғындары күні бойы денсаулықты кешенді зерттеу шеңберінде бронх демікпесінің өршу қаупі факторларын анықтай алады: антропометриялық деректерді өлшеу (бойы, салмағы, дене салмағының индексі), қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтау, қан қысымының деңгейі, тыныс алу жүйесінің қызметін бағалау (спирометрдің көмегімен) және т.б. қызметтер арқылы профилактикалық зерттеуден өтеді.

Шара 4 мамыр күні №4, 5, 6, 10 қалалық емханаларда, 5 мамыр күні №7, 8, 9, 13 қалалық емханаларда ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы