Рапунцель синдромына ұшыраған қызға операция жасалды

2 Мамыр 2023, 18:15
767
Бөлісу:
Рапунцель синдромына ұшыраған қызға операция жасалды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері МӘМС жүйесі бойынша ота жасап, баланың асқазанынан «шашты ісік» алды, деп хабарлайды BAQ.KZ  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап.

Шашты ісік – қорытылмайтын-сіңірілмейтін шаш массасының асқазан-ішек жолында жиналуының нәтижесі, содан іште кедергі пайда болады. Рапунцель ертегілерінің ұзын шашты кейіпкерінің есімімен аталған «шаш жұту» синдромы өте сирек кездесетін сырқат.

Бұл ауру өте сирек кездеседі. Асқазанда жиналған шатасқан шаштың көп мөлшері трихобезоар немесе "шашты ісік" пайда болуына әкеліп соғады, асқазанды бірте-бірте "жауып-бітеп", оның жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай ісік ұзын құйрықты асқазанның пішініне келеді, аш ішекке дейін жетеді. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, Рапунцель синдромы бар науқастардың жетпіс пайызы жиырма жасқа толмаған әйел адамдар, − деп түсіндірді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалинов.

Ауруханаға түскен баланың ата-анасы алдымен өз емханасына жүгінген, онда ФГДС арқылы тексеру жүргізген.

Біз Атырау облысынан келдік. Бала 15 жаста. Қазір – оқу жылы аяқталғанша, Астанада тұрып жатырмыз. № 2 емханада тіркеудеміз. Бала мезгіл-мезгіл іші ауырып, тамақ ішкеннен кейін құсатын. Тексеру кезінде асқазанында трихобезоар анықталды. Содан №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жолдама беріп, порталға қойды. МӘМС жүйесінің арқасында қысқа мерзімде ауруханаға жатқызып, ота жасады. Бала қазір өзін жақсы сезінеді, сол үшін бәріне рахмет, - дейді әжесі Света.

Дәрігердің айтуынша, ұлдарға қарағанда қыздар Рапунцель синдромына жиі ұшырайды. Әйелдердің шаштары әдетте еркектерге қарағанда ұзын, сондықтан асқазанның шырышты қабатында қалып қою ықтималдығы жоғары. Бала шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және ол қорытылмайтын-сіңірілмейтін шаш жиынтығына айналады.

Пациенттерде трихофагия белгілерінің пайда болуын, яғни олардың неге шаш жейтінін түсіндіретін көптеген теориялар бар. Мысалы, стресске қарсы құрал секілді, үнемі дұрыс тамақтанбау немесе салт-дәстүрлердің әсері ретіндегі балалық негативизм. Трихофагия және пикацизм (тәбеттің бұзылуы және жеуге жарамсыз заттарды жегісі келетін бақылауға көнбейтін әдет-«қажеттілік») ағзасында темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Рапунцель синдромының кейбір ғылыми сипаттаған жағдайларында пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиакия сырқатынан емделгеннен кейін шашты жұлуды және жеуді қояды. Бұл аурудың ықтимал себептерін жоққа шығарған кезде міндетті түрде психологтың кешенді көмегі қажет. Өкінішке қарай, көп жағдайда хирургиялық әдіс шашты ісікті бір рет қана қалпына келтіретін және асқазан-ішек жолдары қалпына келтіретін жалғыз тиімді әдісі болып қала береді. Балаға біздің ауруханада жоспарланған хирургия бөлімінде ота (лапаротомия, гастротомия, асқазанның трихобезоарасын алып тастау) жасалды. Отаны Астана қаласының бас штаттан тыс балалар хирургы Ринат Бәйгереев жасады. Ота МӘМС жүйесі бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлер бақылауында, - деп қорытындылады №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалинов.

Егер қандайда бір сұрақтар туындаса, емделушілер Медициналық сақтандыру қорына төменде көрсетілген кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіне алады:

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты

Сарапшылар сізге ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша кеңес береді, қажет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын жұмылдырады.

Өзгелердің жаңалығы