Астанада Панфилов көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

28 Сәуір 2023, 15:05
1061
Бөлісу:
Астанада Панфилов көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Панфилов көшесіндегі учаскеде 29 сәуірден бастап жол төсемін жөндеу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Тиісінше мұнда қозғалыс шектеледі.

Осы жылдың 29-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасын Сity Transportation Systems ЖШС-нің ресми instagram парақшасынан көре аласыз.

Өзгелердің жаңалығы