ақпарат
-
-
COVID-19. Қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен күресуге тартылған 3 841 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
05.10.2020
-
Досмұхамбетов: Атырау тарихының тамыры тереңде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Атырау қаласының іргесі қаланғанына 380 жыл болды. Осыған орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қала тұрғындарын қала күнімен құттықтады.
04.10.2020
-
Праймериз. Павлодар облысында дауыс беру аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында праймериз бойынша дауыс берудің аралық нәтижелері белгілі болды. Соңғы нәтижелер қағаз бюллетеньдерін санағаннан кейін аталады.
04.10.2020
-
Қызылордада зират өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» аумағы өртенді.
04.10.2020
-
Жол апатынан Атырау-Ақтөбе тас жолда 9 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды.
04.10.2020
-
Тал отырғызу – бабамыздан қалған дәстүр
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда орман қоры небәрі 4-ақ пайызды құрайды. Еліміздегі орман алқабы 6 миллион гектардан аспайды. Ал оның дені Жамбыл облысында орналасқан.
04.10.2020
-
Асқар Жұмағалиев бала кезінде қандай пәнді жақсы көргенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалған Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.
04.10.2020
-
Ұстаздар тек бір күн ғана емес, әр күн ұлықталуы тиіс – Досмұхамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.
04.10.2020
-
Жапонияның шығысында қуатты жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпицентр Тынық мұхитындағы Хатидзедзима аралының жағалауында тіркелген.
04.10.2020
-
«Партия мүшелерінің 30% – педагогтар». Байбек ұстаздарды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, Facebook парақшасында жазба жариялады.
04.10.2020
-
Жануарларға жасалатын қатыгездік оқиғаларына жиі куә боламыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлем жануарларды қорғау күнін атап өтуде. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде жазды.
04.10.2020
-
Дәрігерлер Трамптың жағдайы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырып, әскери госпитальда емделіп жатқан АҚШ басшысының халі біршама жақсарған. Бұл туралы президент Дональд Трамп ауруханадан бейнежазба арқылы өзі хабарлады, деп жазды Хабар24.
04.10.2020
-
Аймағамбетов: Ұстаз болу – жүректің таңдауы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарды құттықтады.
04.10.2020
-
Праймериз өзіндік жаңарту рөлін орындап үлгерді – Сайыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров бүгінгі праймериз еліміздегі «саяси ұлтты» қалыптастырудағы нақты қадам екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
04.10.2020
-
Бюллетень бойынша 82 552 адам дауыс берді – Әлібек Әлденей
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей жазды.
04.10.2020
-
Праймериз нәтижесі қоғамдық саяси мәдениетке тікелей байланысты – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетекші партия жариялаған алғашқы праймеризде дауыс берудің бүгін үшінші күні аяқталуға жақын. Алғашқы күндері болған техникалық кідірістерге байланысты дауыс беруге тағы бір тәулік қосылғаны жақсы болды, деп жазды саясаттанушы Елдос Жұмағұлов Facebook-тегі парақшасында.
04.10.2020
-
Кавасакиге ұқсас синдром ересектерде де кездеседі – дәрігерлер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай жағдайлар туралы ең алдымен Ұлыбритания, содан кейін Испания, АҚШ, Франция дәрігерлері жазған болатын.
04.10.2020
-
Мамин қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
04.10.2020
-
Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
04.10.2020
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы тіркелді.
04.10.2020
Наверх