Жануарларға жасалатын қатыгездік оқиғаларына жиі куә боламыз – министр

4 Қазан 2020, 14:45
1476
Бөлісу:
Жануарларға жасалатын қатыгездік оқиғаларына жиі куә боламыз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлем жануарларды қорғау күнін атап өтуде. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде жазды. 


4 қазан - Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні. Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз. Жағдайды өзгерту үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды,- делінген жазбада.

Министр адамгершілік сезімін қалыптастыру маңызды екенін айтты. 
Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте алмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімдерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауды үйреткен абзал, - деді М. Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтіледі. 



Өзгелердің жаңалығы