Оның табысы Қазақстандағы бүкіл футболшының табысынан көп

19 Мамыр 2020, 23:52
2193
Бөлісу:
Оның табысы Қазақстандағы бүкіл футболшының табысынан көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франциялық ПСЖ шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Неймар, сондай-ақ, англиялық  "Манчестер Сити" вингері Рахим Стерлингтің жекелей алғандағы тарсферлік құны Қазақстан премьер-лигасындағы барлық футболшының жалпы соммасынан қымбат.

Transfermarkt мәліметінше, тарнсфері ең қымбат футболшы Мбаппе - 180 миллион еуро, одан кейін Стерлинг пен Неймар - әрқайсы 128 миллион еуро. Осылайша, олардың әрбірі қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін барлық футболшының құнын қосқандағыдан қымбат шығады - 123 миллион еуро.

Қазақстан чемпионатында ең қымбат құрам "Астана" командасында (23 миллион еуро), ал клубтың жартылай қорғаушысы Марин Томасов лигадағы ең қымбат ойыншы (2,8 миллион еуро).

Келесі футболшылар да 120 миллион еуро шамасында бағаланып отыр: Садио Мане, Мохаммед Салах (екеуі де "Ливерпуль"), Харри Кейн ("Тоттенхэм") және Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити").

Өзгелердің жаңалығы