Табысты ауыл әйелдерінің форумы басталды

7 Қараша 2019, 11:09
4370
Бөлісу:
Табысты ауыл әйелдерінің форумы басталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстанның ауыл әйелдерінің II форумы басталды. Форумға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 220 делегат келген. 

Бұл форумның басты мақсаты – ауыл әйелдерінің бизнесте қол жеткізген жетістіктерін насихаттау.

Мұндай алқалы жиынды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен "Coca-Cola" компаниясының қолдауымен "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ, G-Global халықаралық хатшылығы, Еуропа қайта құру және даму банкі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

4396bc76-179e-4d10-8885-b49d29974bbd.jpg

Бұл орайда "Coco Cola" халықаралық қорының өкілі, Кавказ елдері мен Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс бойынша менеджері Александра Аккирманмен сөйлестік. 
Біз жыл сайын "Coco Cola белестері" әлеуметтік жобасы аясында марапаттау рәсімін өткіземіз. Бұл бағдарламаның жемісті жұмыс істеп келе жатқанына 7 жыл болды. Осы 7 жыл ішінде 13 мыңнан астам ауыл әйелдеріне өз кәсібін ашуғв көмектестік. Еліміздің әртүрлі ауылдарынан іскер әйелдерді жинап, кәсіпкерліктің негізі бойынша үйреттік. Арнайы менторлар кәсіби кеңес беріп бағыттады. Ең үздік 10 бизнес-жоба грант ұтып алады. Жүлде соммасы 400 мың АҚШ долларын құрайды. Бүгінде нақты 50 бизнес-жоба жемісті жұмысын бастап кетті. Ал ертең 2019 жылдың ең үздік 10 жеңімпазын анықтайтын боламыз, - дейді Александра Аккирман.
6ed1f2ba-da1f-4b0c-9aa4-05d83d7c4b39.jpg

Республикалық форумды өткізуге дайындық мақсатында ұйымдастырушылар осы жылдың шілде айынан қазан айына дейін 14 облыста ауыл әйелдерінің облыстық форумдарын өткізді. Облыстық форумға барлығы 163 ауданнан 2700-ден астам өкіл қатысты.
Форумның мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі", Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және ауылды реформалау бойынша үкіметтік бағдарламаларды қолдау, "Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы аясында экономиканың өсуінің жаңа драйвері ретінде агросекторды көтеру. Ауылдық аумақтардың инклюзивтік, инновациялық және "жасыл" экономикасын дамытуға жәрдемдесу. Жаңа өңірлік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту, - деп атап өтті жиынның шымылдығын ашқан Жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту коалициясының басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова.  
2e632936-c7c7-41c3-a0cd-fd5c3014d9d1 (1).jpg

Оның айтуынша, аталмыш іс-шара ауылды дамытуға, ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтуға, елді мекендерді гүлдендіруге орасан зор үлесін қосады.

Өзгелердің жаңалығы