Табиғи апатпен күреске 23 мыңға жуық теміржолшы жұмылдырылды

8 Сәуір 2024, 14:43
332
Бөлісу:
Табиғи апатпен күреске 23 мыңға жуық теміржолшы жұмылдырылды
VIDEO
Фото: скриншот

Қапшағай станциясынан Шұбарқұдық станциясына қысқа мерзімде Ойыл ауданында көлік қатынасын қалпына келтіруге арналған бірегей жүк-понтондық-көпірлік парк тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүк ҚТЖ желісі бойынша жүктерді жеткізудің нормативтік мерзімінен 4 есе асып, 48 сағат ішінде 2370 км жол жүрді. 

Су басқан аудандардағы автожолдардың шайылып кетуіне байланысты теміржол арқылы азық-түлік, арнайы техника жеткізу ұйымдастырылды. Қапшағай станциясынан Орал және Атырау қалаларына 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жедел жөнелтілді. Кесек тастан, кондициялы емес шпалдар, рельс пакеттері, құралдар және жабдықтар тиелген 292 вагоннан тұратын шайып кетуге қарсы 45 пойыз толық дайындықта. 

Атырау облысының су басқан аудандарынан Атырау – Құлсары – Атырау және Атырау – Құлсары – Маңғыстау бағыттары бойынша 2 қосымша пойыз ұйымдастырылды. 2024 жылғы 8 сәуір сағат 06.00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында теміржол көлігімен 4,7 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Жалпы, теміржол штаттық режимде жұмыс істеуде. Жедел штаб жұмыс іске кіріскен, - делінген ҚТЖ таратқан ақпаратта.

Теміржолда тасқын суларды өткізу бойынша дайындық жұмыстары осы жылдың басында басталды. Осы уақыт ішінде 3,5 мыңнан астам көпір, 6, 3 мың су өткізгіш құбыр, кювет және таулы арықтар тазартылып, Оба, Селеті, Жабай және Есіл өзендерінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы режимде бекітілген учаскелер бойынша жауапты қызметкерлермен аралау және тексеру жүргізіліп, су деңгейіне бақылау орнатылады. 

Темір жолдың жоғары жағында орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттердің жағдайы мониторингіленеді. Мұның бәрі пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және желідегі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Өткен кезеңде темір жолдарды шайып кетуге және пойыздар қозғалысын тоқтатуға жол берілмеді.

Өзгелердің жаңалығы