Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды

12 Желтоқсан 2020, 18:15
2926
Бөлісу:
 Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысының экобелсенділеріне, табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» естелік медалін табыстады.

Эко-амбассадор, биолог, тәуелсіз эколог, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы, «Маңғыстау табиғаты» ҚБ «Қаракөл сақшылары» еріктілер экопатруль жасағының жетекшісі, «Ecojer» Батыс Қазақстан бойынша экологиялық бастамалар қауымдастығының мүшесі Әділбек Қозыбақов - естелік медальдармен марапатталды.

 Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды

Дәл осындай марапатқа «Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл Осин де лайық деп танылды.

 Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды

 Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды
Өзгелердің жаңалығы