ТҮҚЖБ: 2250 әскери қызметші пәтер алды

17 Қаңтар 2019, 13:33
2799
Бөлісу:
ТҮҚЖБ: 2250 әскери қызметші пәтер алды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы әскери қызметшілер ТҮҚЖБ-дан 70 мың шот ашқан. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. 

«2018 жылы біздің банктен әскери қызметшілер 70 мың шот ашып, ақшаларын жинап жатыр. 2018 жылдың шілде айында «Әскери баспана» деген бағдарлама ашылды. Олар baspana.kz сайтына өтініш жасады. Банке 13 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде 5,5 мың құжатқа қол қойдық. Олар қазір несие алып, пәтерлер іздеп жүр. 2250 адам пәтерге кірді. 250 әскери қызметкердің құжаттары банкте қаралып жатыр», - деді ТҮҚЖБ басқарма төрайымы.

Ибрагимова 2019 жылы 5,5 мың қызметшінің құжатын 1 сәуірге дейін қарап, екінші бағдарламаны бастайтынын айтты.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы