Түрмеге телефон кірізбек болған азамат ұсталды

27 Мамыр 2020, 07:17
1361
Бөлісу:
Түрмеге телефон кірізбек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіннің баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты РУ - 170/1 мекемесінде қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлем - сауқатын тексеру барысында 5 литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыссы картоптың арасына жоспарлы түрде ойластырылып салынған сары скотчка бірнеше рет оралған "Inoi" маркалы ұялы телефоны анықталып, тәркіленді, – делінген хабарламада. 
Қазіргі таңда сәлем - сауқат жолдаған азаматшаға ҚР ӘҚБтК 481 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қалалық әкімшілік сотқа жөнелтілді.
Өзгелердің жаңалығы