Түркияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды

18 Наурыз 2020, 08:49
1323
Бөлісу:
Түркияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирус жұқтырған бірінші адам көз жұмды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, инфекциядан көз жұмған науқас 89 жастағы қарт кісі.

Оған қауіпті індетті таяуда Қытайдан ұшып келген қарамағындағы жұмысшысы жұқтырған, - деп мәлімдеді министр.

Түркияда Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 98 адам.

Министр инфекцияның таралмауы үшін қабылданған шааларды қатаң сақтау керектігін ескертті.



Өзгелердің жаңалығы