Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті

30 Сәуір 2020, 12:48
1699
Бөлісу:
Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұтас Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел.   

Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті, деп мәлімдеді Milliyet елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел.
 
Еуропа елдері арасында коронавирус салдарынан болған өлім-жітім деңгейі ең төмен көрсеткіш Түркияда. Елдегі індеттің шарықтау шегі өтті. Шектеу шаралары сақталса, науқастар саны мамыр айының соңына дейін өспейді деп отырмыз, - деді Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырғандардың шамамен 60%-ы Ыстамбұлда тұрады. Жиырма миллион тұрғыны бар мегаполисте коронавирустың таралуын тежей алу - биліктің үлкен жетістігі. Сондай-ақ, елде вирус жұқтырғандардың шамамен 6% -ы медицина қызметкерлері.
 
COVID-19 індеті Түркияда алғаш рет 10 наурызда тіркелді. Ал, 24 сәуірде вирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты.
 

Өзгелердің жаңалығы