Түркістанда биыл 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған

30 Сәуір 2020, 02:42
1215
Бөлісу:
Түркістанда биыл 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

2020 жылы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр.

Айта кету керек, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен республика көлемінде 2-орынға ие болды. Жалпы былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған.

Сондай-ақ сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87%-ға жоғары.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері облысң экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.

Мысалы, 2020 жылдың 1-тоқсанында "Turkistan Invest"  компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылған. Соның арқасында 197 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 1,7 млрд теңге сомасына 5 жоба – өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында іске асқан.

2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 5508 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 268,8 млрд. теңге болатын 14 жоба аясында 2 660 жұмыс орны құрылады.

Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Жасыл экономика", химия өнеркәсібі және әлеуметтік нысандар құрылысы бар. 


Өзгелердің жаңалығы