Түркістан вокзалын абаттандыру жұмыстары басталды

12 Ақпан 2020, 07:23
2024
Бөлісу:
Түркістан вокзалын абаттандыру жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы алдындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі.

Абаттандыру жұмыстарының барысында аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда. Сонымен қатар, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылып,  шым төселетін болады.

Алдағы уақытта, теміржол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендіріледі. Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті (ресепшн) сынды жүйелер қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, күрделі жөндеуден өткен аллея Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп  жоспарланып отыр. 
Өзгелердің жаңалығы