Түркістанның оңтүстік аймақтарында жол жөнделуде

21 Шілде 2020, 01:35
1926
Бөлісу:
Түркістанның оңтүстік аймақтарында жол жөнделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының оңтүстік аймақтарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 364,4 шақырым. 2020 жылы өңірде құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 541 нысан немесе 1 295,6 шақырым жол мен елді мекен көшелерін қамту көзделген. Жыл соңында 526 нысан немесе 1 015,9 шақырым жол пайдалануға берілетін болады.
Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, негізгі басымды

қ облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың (Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Келес және Сарыағаш) автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне берілуде.

Бұл ретте, қазіргі таңда Түркістан – Шардара бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-8 "Өзбекстан шекарасы – Шардара – Арыс – Темірлан" автомобиль жолының жалпы 162,6 шақырымында және жол бойындағы 8 көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмыстар аяқталған кезде облыс орталығы мен оңтүстік аудандар арасындағы арақашықтық 120 шақырымға дейін қысқаратын болады. Осы аралықтағы жолдың 145 шақырымы ағымдағы жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы