Түркістан облысында «Жастар – Отанға» бағдарламасы әзірленді

23 Тамыз 2020, 14:13
1607
Бөлісу:
Түркістан облысында «Жастар – Отанға» бағдарламасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында жастар саясатын жандандыру, жастарға қолдауды күшейту, «Жастар – Отанға»  бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған жиын өтті. 

Оған өңірдегі 6 басқарма басшылығы мен оқу орындарынан және жастар саясатына жауапты мекемеден өкілдері мен жастары келіп қатысты. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 21 тамызында  Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жастар саясатын жандандыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, «Jas Otan» Жастар қанаты  2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға» бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарламаның бағыт-бағдарлары айқындалып, индикаторлары белгіленді. Түркістан облысында да өңірлік деңгейде «Жастар – Отанға» бағдарламасы әзірленіп жатыр.
Осы ауқымды істі жүзеге асыру, жол картасын толықтыру үшін басқармаларға бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз, – деді Б.Дәулетұлы.
Облыста «Жастар-Отанға» бағдарламасын өңірде тиімді жүзеге асыру үшін нақты индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын жол картасы Түркістан облысы әкімдігі басқармаларымен бірлесе отырып әзірленді. Жол картасының мақсаты –  өңірде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру,  жастарға, жас отбасыларға қалыптасу жолында жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар бұл  жол картасы жастар арасындағы қылмыс пен жұмыссыздықты азайту, өз-өзіне қол жұмсау және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жоспарын қамтиды.

Басқарма басшылары мен өкілдері өздеріне тиесілі бағыттарды дамыту бойынша ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Жиынның қорытындысы бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына Түркістан облысындағы өзге тілді мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарды ашу бойынша жұмыстар жүргізу ұсынылды. 

Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы мен қоғамдық даму басқармаларына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын ауылдардағы маман қажеттілігіне қарай ұйымдастыруды қолға алмақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аула клубтарын дамыту және спорттық іс-шараларды жүйелі өткізеді. Сонымен бірге жастарды жұмыс орнымен қамту, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, жастардың сапалы білім алуларына жағдай жасау және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді, - делінген ақпаратта.



Өзгелердің жаңалығы