Түркістан облысында үшінші үшем дүниеге келді

17 Наурыз 2020, 11:34
1878
Бөлісу:
Түркістан облысында үшінші үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келес ауданы Біртілек ауылында Қадировтар отбасында үшем дүниеге келді. 

Бұған дейін екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемнің анасы Этибор Қадирова 1992 жылы туған. Али, Усман, Умар есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 грамм салмақпен дүниеге келді. Отағасы Қадиров Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады.

WhatsApp Image 2020-03-16 at 19.08.58 (1).jpeg

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемнің жағдайымен арнайы танысуға барып, сыйлық табыстады. Бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан - үшінші үшем. 

WhatsApp Image 2020-03-16 at 19.08.59.jpeg

Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетілетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы