Түркістан облысында контрафактілік өнімдер даярлайтын 3 жасырын цех анықталды

1 Қазан 2019, 05:56
1699
Бөлісу:
Түркістан облысында контрафактілік өнімдер даярлайтын 3 жасырын цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полиция департаменті «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында авторлық және сабақтас құқықтар бұзылған 7 жайтты тіркеді.  

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты контрафакталық өнімдерді тарату, сақтау және даярлау жайттарының жолын кесу. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер пираттық өнімдер шоғырланған жерлерді електен өткізді, олар: дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен өзге де тарататын орындар.

Мысалы, жедел-алдын алу «Контрафакт» іс-шарасын өткізу барасында Түркістан қаласының базарларының бірінен контрафакт өнімдерін таратқан екі жайт анықталды. Екі таратушылардан тәртіп сақшылары 60-қа жуық пираттық бейне және аудио дискілерді тәркіледі.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 198 «Авторлық және сабақтас құқықты бұзу» бабы бойынша СДТТА бойынша тіркеуге алынды.

Сарыағаш ауданың полицейлері аталған іс-шара барысында бір жәрмеңкенің маңайынан контрафактымен және оны таратумен айналысқан бір жергілікті тұрғынды анықтады. Жас жігіттен жедел іздестіру қызметкерлері 170 пираттық өнімге жататын видеодискілерді тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша «Авторлық және сабақтас құқықтың бұзылуы» ҚР ҚК 198 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Конрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Түркістан облысының полиция департаменті полицейлері қала және аудандың полиция бөлімдерімен бірлесе отырып, осындай контрафактілік заңсыз өнімді таратқан 7 жайтты анықтады. Заңсыз жолмен сатылған 4000-нан астам пираттық бейне және аудиоөнімдері басылған DVD мен CD дискілер тәркіленді. Сондай-ақ, полицейлер контрафактілер даярлайтын 3 жасырын цехты анықтады және 20-дан астам интернет-ресурсты бұғаттады", - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы