Түркістан облысында 7 автокөлік соқтығысты

25 Қараша 2019, 16:46
26501
Бөлісу:
Түркістан облысында 7 автокөлік соқтығысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы авторассада 9 көлік соқтығысты. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 25 қараша күні сағат 13:00-де Алматы-Ташкент автожолының 787 шақырымында болған.

Алматы-Ташкент автожолының 787 шақырымында 7 автокөлік соғылды. Оқиға 25 қараша күні сағат 13:00 шамасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Алғашқы ақпарат бойынша, Вольво жүк көлігі алдындағы Toyota Camry көлігіне, одан кейін алдыдағы ГАЗельге соғылған. Қатты соққыдан ГАЗель алдындағы Cobalt маркасындағы автокөлікке соғылды. Осы сәтте ВАЗ 21014 автокөлігіне артында келе жатқан Daewoo Nexia, ал Nexia Matiz автокөлігіне соғылған. Қатарынан 7 автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасында жарақат алғандар жоқ, - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.


Өзгелердің жаңалығы