Тұрақтандыру қорындағы дәрінің 40 пайызы қоймада тұру керек – Сәлімбаев

27 Тамыз 2020, 14:36
1191
Бөлісу:
Тұрақтандыру қорындағы дәрінің 40 пайызы қоймада тұру керек – Сәлімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты. 

Биылғы маусымның аяғынан бастап Алматыда кейбір дәрі-дәрмекке сұраныс өте жоғары болды. Қажетті дәрілерді қалаға жеткізу мәселесін шешу үшін келісімшарт жасалды. Қазір біраз дәрі қалаға жеткізіліп, нарық тұрақтандырылды. Алдағы келе жатқан күзгі-қысқы маусымдық ауруды ескере отырып қала әкімдігі тұрақтандыру қорын құрды, - деді ол. 
Сәлімбаев айтып өткендей, Алматы қаласының дәріханаларына дәрі-дәрмектің 65 атаулы түрін жеткізеді. 
Резервтік қор Алматы қаласының ауруханалары мен емханаларына арналған. Тұрақтандыру қоры есебінен дәріханаларға жеткізілетін дәрі –дәрмек жарты жылда 40 млн қорапты құрайды. Бүгінгі таңда 26,8 млн қорабы Алматы қаласына жеткізілді. Тұрақтандыру қорының 40 пайызы қоймаларда болуы керек. 40 пайыз дегеніміз 8 млн қорапты құрайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы