Тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмек тапшылығын тудырмайды

27 Тамыз 2020, 14:20
1481
Бөлісу:
Тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмек тапшылығын тудырмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты. 

Қарлығаш Әбдіжаббарова айтып өткендей, қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екі бағыт бойынша жүзеге асырылап жатыр. 
Біріншісі, қаланың дәріханаларын дәрімен қамтамасыз ету, екіншіден, медициналық ұйымдардың қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Коронавирус індетінің шарықтау шегі мен дәрілердің тапшылығы кезінде әкімдік жедел штабты құрды. Дәрі-дәрмек пен медицина ұйымдарын медициналық бұйымдармен қамту бойынша жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылды, - деді ол. 
Ол атағандай, бүгінгі таңда жұмыс штабы сұранысқа жоғары дәрілерді жеткізу үшін әкімдік пен жеткізушілер арасында келісімшарт орнатылды.
Дәрі жеткізу бойынша тапшылықты тудырмау мен дәрі-дәрмек қорын құру мақсатында қалалық деңгейде тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған қордың басты мақсаты - әлеуметтік сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жеке дәріханалар мен стационарларды қамтамасыз ету, - деді Әбдіжаббарова.
Өзгелердің жаңалығы