Тұрғындар өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүре алады

3 Шілде 2020, 20:44
1404
Бөлісу:
Тұрғындар өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  бас санитардың қатаң карантиндік шектеу енгізу туралы Қаулысы жарияланды. 

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салуды, 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметін, 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді, қоғамдық көліктің қозғалысын шектеуді, өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беруге Қаулы етілді. 
Әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда), - делінген қаулыда. 
Сондай-ақ, аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат берілді.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және 50%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдар (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмыс істейді.
Өзгелердің жаңалығы