Алматыда интернет арқылы 32 адамды алдаған күдікті анықталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

23 Қараша 2026, 22:53
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 23 Қараша 2026, 22:53
23 Қараша 2026, 22:53
116
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласында интернет арқылы пәтерді тәулігіне жалға беретінін айтып, азаматтардың ақшасын иемденген жас жігіт анықталды. Оны Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

Күдікті интернетке жалған хабарландыру жариялап, пәтер іздеген адамдардың сеніміне кірген. Алайда жалға алушылар уәде етілген баспанаға қол жеткізе алмай, ақшасынан айырылған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас 32 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция тұрғындарды интернеттегі жалға берілетін пәтер туралы хабарландыруларға сақтықпен қарауға, алдын ала төлем жасамас бұрын ұсыныстың шынайылығын тексеруге шақырады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх