Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

23 Қараша 2026, 18:10
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 Қараша 2026, 18:10
23 Қараша 2026, 18:10
193
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласының тарихы музейі» КМҚК экскурсоводы болып бастаған.

2007–2015 жж. – «Алматы қаласының тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.

2015–2016 жж. – «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры.

2016–2022 жж. – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК музей бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.

2022–2025 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.

2025 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Наверх