Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2 Мамыр 2020, 21:32
1943
Бөлісу:
Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада полицейлер еріктілермен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Қызылорда облысы  Полиция департаментінің  Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық–зомбылықтан қорғау  тобының ұйымдастыруымен 21 сәуірден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шараларын жүргізіп келеді.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен  профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 465 адам тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімесулер жүргізілді.

Қала орталығындағы Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көше бойындағы бірнеше аулалар, Титов қыстағындағы сауда үйлер, Тасбөгет елді мекенінде бірнеше аулалар араланып, сол манда орналасқан дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомблықтың алдын алуға арналған жадынамалар ілініп, профилактикалық шолу жұмыстары жүргізілді.


Өзгелердің жаңалығы