Түлкібас ауданында 54 көшеге күрделі және орташа жөндеу жүргізілуде

23 Шілде 2020, 03:40
1184
Бөлісу:
Түлкібас ауданында 54 көшеге күрделі және орташа жөндеу жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымдық 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталатын болады.

Сонымен қатар, ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 6 жоба іске асуда. Олар: 3-еуі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-еуі инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту.

Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылса, оның 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.



Өзгелердің жаңалығы