Төкежанов медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша теңге бөлінетінін айтты

7 Қазан 2020, 17:13
1981
Бөлісу:
Төкежанов медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша теңге бөлінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифинг барысында жыл соңына дейін медицина қызметкерлерінің үстемақысына қанша теңге бөлінетінін айтты. 

Өздеріңізге белгілі, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтары алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі мен үстемақыларды мөлшерін анықтады. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін құрайды. Кейін денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізіп, оған сәйкес көтермелерге жататын медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейтілді, - деді ол. 

Төкежанов жаңа тізімге жататындарды атап өтті. 

Жаңа тізбеге мобильдік бригадарлардың жұмысына жұмылдырылатын мейірбикелер мен дәрігерлер, бастапқы медицина көмек жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, әскери медициналық, медициналық орталық, атқару органдарының сот медициналық бөлімшелері мен орталық мемлекеттік органдарының медициналық ұйымдары, ішкі істер министрлігі жанындағы медициналық ұйымдар мен ведомстволық бағыныстағы қызметкерлер кірді, - деді ол. 

Төкежанов атап өткендей, осы жылдың соңына дейін үстемақы төлеу үшін қаржыландырудың болжамды есептілігін жүргізді. 

Қаржы қаражатының алдын ала болжамы 135 млрд теңгені құрайды. Қор алдыңғы қатардағы медицина қызмекерлеріне уақытылы төлемақыны төлейді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы