Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасарлары таныстырылды

8 Сәуір 2022, 22:19
1233
Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасарлары таныстырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сыртқы саясат ведомствосының ұжымына жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинді және Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары Әділ Тұрсыновты таныстырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

СІМ басшысы Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышевке СІМ Орталық аппаратындағы жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оған қазақстан-қытай ынтымақтастығын одан әрі дамытуда табыс тіледі.

Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасарлары таныстырылды

Сонымен қатар М.Тілеуберді министрдің жаңа орынбасарларының дипломатиялық қызметтегі кәсіби тәжірибесін атап өтіп, олардың жоғары біліктілігі ҚР Президенті айқындаған елдің сыртқы саяси бағытын жүйелі түрде іске асыруға қызмет ететініне сенім білдірді.

Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасарлары таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы