Сыртқы істер министрі Ұлыбритания мұражайынан табылған құнды дерек туралы айтты

24 Сәуір 2024, 20:07
334
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Ұлыбритания мұражайынан табылған құнды дерек туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания кітапханаларынан құнды тарихи деректер табылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрі Ұлыбритания мұражайынан табылған құнды дерек туралы айтты

Еске салайық, бүгін Сыртқы істер министрлігінде Ұлыбритания және Қазақстан министрлері кездескен еді.

Сыртқы істер министрі Ұлыбритания мұражайынан табылған құнды дерек туралы айтты

Ұлыбританияның "Оксфорд" және "Манчестер" университеттерінің кітапханаларында, сондай-ақ ұлттық мұражайда қазақ халқының тарихына байланысты маңызды қолжазбалар мен кітаптар табылды. Осыдан бес ғасыр бұрын, яғни 1562 жылы британиялық дипломат Энтони Дженкинсонның "Қазақ мемлекеті" бейнеленген картасы жарық көрген. Осындай бай деректер келешекте де өзінің әділ бағасын тауып, екі елді жалғайтын тұғырлы факторға айналатыны сөзсіз, – деді Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

Сыртқы істер министрі Ұлыбритания мұражайынан табылған құнды дерек туралы айтты

Бұған дейін Ұлыбритания сыртқы істер министрі екі ел арасында сауда-саттық жайлы сөз қозғаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы