Сыртқы істер министрі Сауд Арабия елшісін қабылдады

18 Сәуір 2019, 09:25
2303
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Сауд Арабия елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшісі Дахир Мутиш әл-Эназиді, оның елімізде дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Нұр-Сұлтан мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастар туралы айту барысында сұхбаттасушылар бүгін екі мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді жұмысының арқасында түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгенін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауд дипломаты Қазақстанда қызмет еткен жылдарда екіжақты байланыстарды нығайту бойынша жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Министр Сауд Арабиясына қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты негізде және халықаралық деңгейде тұрақты кездесулер мен консультациялар арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетін білдірді.

Д.М. әл-Энази Қазақстанда жұмыс істеуі оған құрмет болғанын білдіріп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, елдің халықаралық аренада беделін нығайтуына және Қазақстен мен Сауд Арабиясы арасында тығыз және сенімді қарым-қатынастардың орнатуына зор үлесін атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы