Сырдария өзені арнасынан асты: Облыста жол жабылды

8 Наурыз 2023, 14:45
750
Бөлісу:
Сырдария өзені арнасынан асты: Облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ сол облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салдарынан облыста маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы