Сыр өңірінде 10 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

18 Қыркүйек 2021, 05:20
3724
Бөлісу:
Сыр өңірінде 10 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде 2021 жылы 17 954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 22 475 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 10 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 26 355 адам хабарласып, олардың 20 247, яғни 76,8%-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, 8 562 (32.4%) адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмысынан айырылуына байланысты 3 693 адамға композиттік қызмет көрсетілген.

Ал жұмыс іздеген мүгедектігі бар 707 азаматтың 692-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 100 адам жолданды. Оқудан өткен азаматтардың 16-сы өз ісін ашты, – делінген әкімдіңтің мәліметінде.

Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері 49 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 432 жұмыс беруші 1 451 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2 153 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1209-ына жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Өзгелердің жаңалығы