Сығанақ көшесіндегі учаске уақытша жабылады

22 Тамыз 2022, 13:45
838
Бөлісу:
Сығанақ көшесіндегі учаске уақытша жабылады

Елордада Сығанақ көшесінде жол төсемін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты бұл учаскеде жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Сығанақ көшесін орташа жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар туралы хабарлады.

Осыған байланысты, 22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Сауран көшесінен Қазақ телерадиосы көшесіне дейінгі учаскеде (Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс) жолды толығымен жабу жоспарлануда.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы