Бектенов күніне сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 5-6 хабарлама келіп түсетінін айтты

25 Шілде 2019, 17:16
2251
Бөлісу:
Бектенов күніне сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 5-6 хабарлама келіп түсетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «1424» сall-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы күніне 5-6 хабарлама келіп түседі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

Ол сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның белсенділігі артып келе жатқанын, Агенттік осы мақсатта қажетті инфрақұрылым жасайтынын айтты. 

«Біз аптасына жеті күн 24 сағат ашықпыз. Еліміздің кез келген нүктесінен «1424» сall-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігі бар. Күн сайын сыбайлас жемқорлықтың нақты фактілері туралы 5-6 хабарлама келіп түседі. Барлық қоңырауға біз дереу жауап береміз», - деді Бектенов.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары жыл басынан бері сall-орталыққа келіп түскен хабарламалар бойынша 19 сыбайлас жемқорлықтың фактісі анықталғанын айтты. 

«Мысалы, 11 шілдедеде Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманының 400 мың теңге пара алғаны анықталды. Ол кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жүргізілетін тексерісте оң шешім шығару үшін заңсыз сыйақы алған. Кәсіпкердің өзі call-орталыққа жүгінді. Біздің қызметкерлер бей-жай қарамай, заңсыз әрекет тоқтатылды», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов квазимемлекеттік сектор, құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтайтын бөлімше құрылғанын айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы