Антикор «Фитосанитария» басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

20 Қыркүйек 2021, 11:06
2189
Бөлісу:
Антикор «Фитосанитария» басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына – К–ға қатысты қатысты айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда, - делінген хабарламада.

Барлық ұсталған адам тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде.

Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы