Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

9 Тамыз 2023, 22:14
652
Бөлісу:
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған газды бұйрық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзімге автомобильмен және темір жол көлігімен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ашық НҚА порталында талқылау үшін жарияланды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілген, соның нәтижесінде халық және көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындары осы отын түріне тез ауысып жатқанын байқауға болады.

Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. Сонымен қатар 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тоннаны құрады.

Өзгелердің жаңалығы