Сүйіндік Алдашев: Цифрландыруға ақша жұмсалды, ал нақты нәтиже мен мультипликативті әсер жоқ

13 Қыркүйек 2024, 14:47
320
Бөлісу:
Сүйіндік Алдашев: Цифрландыруға ақша жұмсалды, ал нақты нәтиже мен мультипликативті әсер жоқ

Сенатор Сүйіндік Алдашев елімізде цифрландыру жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз жүзеге асқаны туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін елімізде «Ақпараттық Қазақстан-2020», «Цифрлық Қазақстан» және басқалары сияқты түрлі бағдарламалар қабылданған болатын. Олар цифрлық технологияны енгізу және болашақтың цифрлық экономикасын құру арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Алайда, жақсы мақсатты индикаторлар мен айтарлықтай қаржылық инвестицияларға қарамастан, бұл бағдарламалар күткендей нәтиже бермеді және экономикаға айтарлықтай әсер етпеді.

Елімізде цифрлық технологияларды енгізу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ болашақтың цифрлық экономикасын жасауға бағытталған «Ақпараттық Қазақстан-2020», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы сияқты бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қазіргі уақытта бұл стратегиялық құжаттардың күші жойылды. Бұл бағдарламаларда жақсы нысаналы индикаторлар айқындалды, алайда, осыған қарамастан, оларды іске асыру елеулі нәтиже мен ел экономикасының дамуына мультипликативтік әсер бермеді. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру қорытындыларына егжей-тегжейлі талдау және бағалау жүргізілді ме? Оларды жүзеге асырудың нақты нәтижелері қандай? Бағдарламалық құжаттарды іске асырудың әсерін қалай бағалайсыз?,- деп сұрады Сүйіндік Алдашев.

Сенатор сонымен қатар цифрландырудың жүйесіз жасалғанын және үйлестірудің нашарлығынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің интеграциясы әлсіздігін атап өтті. Көптеген мемлекеттік органдардың өз дерекқорлары бар және әралуан ақпараттық жүйелердің интеграциясы талап деңгейінен өте төмен. Депутат ауылдағы интернетке қол жеткізу мәселесін де атап өтті. Ауылдардың шамамен 41%-ы ғана талшықты-оптикалық желіге қосылған, бұл барлық жерде цифрландыру мүмкіндігін шектейді.

Қазіргі уақытта 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы іске асуда, оның мақсаты халық пен кәсіпкерлік субъектілерін интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы жобаны іске асыру кезінде алдыңғы бағдарламаларды іске асыру кезінде орын алған барлық олқылықтарды ескеру қажет. Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық билік органдарының, бизнестің, ғылыми және білім беру қоғамдастықтарының, сондай-ақ азаматтардың тиімді бірлескен күш-жігері қажет, - деді Сүйіндік Алдашев.

Еске салсақ, Жолдау аясында Президент цифрландыру және елімізде инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өткен еді. Ол Қазақстанды IT- елге айналдыруды және елдің Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуды тапсырды.

Президент бізді электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында екенімізді атап өтті. Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Және бұл даусыз факт.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында біздің алдымызға жаңа міндет қойды - 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу. Бұған, әрине, ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдесетін болады.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект технологияларын қолданудың маңыздылығын атап өтіп, білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды.

Біз бұл міндеттерге күнделікті қол жеткізу үшін жұмыс істейміз. Дәл 12-13 қазанда Астанада Digital Bridge 2023 – Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум өтеді, оның негізгі тақырыбы Қазіргі әлемдегі жасанды интеллект – Artificial and Human intelligence: the right balance рөлін талқылау болады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау аясында Президент цифрландыру және елімізде инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Ол Қазақстанды   IT- елге айналдыруды және елдің Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуды тапсырды. 
Президент бізді электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында екенімізді атап өтті. Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Және бұл даусыз факт.

Өзгелердің жаңалығы