Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 Маусым 2021, 19:43
6618
Бөлісу:
Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген «Отан отбасынан басталады» атты балалар арасындағы сурет сызу байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайынов байқаудың үздік жұмыстарының авторларына марапаттар табыс етті.

Сіздер ата-аналарыңыздың ғана емес, бүкіл елдің болашағысыздар.  Еліміздің ертеңі және игі істерді жалғастырушысыздар. Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда. Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Зор денсаулық пен білім жолында табысқа жетуге тілектеспін. Туған жердің – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары мен патриоттары болыңыздар, – деді ол.

Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Отан отбасынан басталады» атты байқау 2021 жылғы 1 сәуірде басталды. Еліміздің әрбір өңіріндегі әскери қызметшілердің 3 пен 17 жас аралығындағы мың жарымнан астам баласы бұл байқауға суреттерін жолдаған болатын. Жұмыстар «Қазақстан – бейбіт ел», «Менің әкем – менің қаһарманым», «Біз батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз» атты үш аталым бойынша ұсынылды.

Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Ал қатысушылардың суреттері елордадағы арнайы көрмеге енді.

Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарулы Күштерде өскелең ұрпақпен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Әскери қызметшілердің балаларының бос уақытын ұйымдастыру, дарынды балаларды қолдау үшін  гарнизондарда сурет салу, хореография, музыкалық аспаптарда ойнау, ән, қолөнер, шет тілдерін үйрену бойынша шығармашылық үйірмелер жұмыс атқарады. Балалар жүзу, гимнастика, футбол, волейбол, теннис, жекпе-жек өнері, шахмат, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт секцияларына қатысады.

Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазіргі таңда әскери қызметшілердің 5 200-ден астам баласы 474 үйірме мен спорт секциясына барады. Елдегі 7 000-нан астам әскери-патриоттық клуб, «Жас сарбаз» сыныптары және «Smart Sarbaz» үйірмелері 214 мыңнан астам баланы біріктірді.

Суретші балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Өзгелердің жаңалығы