Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

18 Тамыз 2022, 16:40
1248
Бөлісу:
Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты
PHOTO
Фото: автордан

Елордамызға Шымкенттен Scat-тың UP-B3737 жаңа ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға қонған су жаңа әуе кемесін дәстүр бойынша екі жағынан өрт сөндіру көліктерінен су салютімен қарсы алды. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Бұл - жаңа ұшақты қарсы алатын халықаралық дәстүр. Іс-шараға Азаматтық авация комитетінің өкілдері мен БАҚ, блогерлер қатысып, ұшақты қарсы алды. 

Елордаға қонған Scat әуе компаниясының паркіндегі  27-ші ұшақ. Жыл соңына дейін тағы 8 әуе кемесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, жыл соңына дейін аталған жоспарды орындау тұрақты жолаушылар тасымалы көлемін 20 пайызға арттырады. 

Қазір авиатасымалдауға сұраныс артып отыр. Оны қанағаттандыру керек. Жаңа ұшақтардың іске қосылуы кешігулер мен резервтік орындар мәселесін шешеді. Ұшақтарды алмастыра алатын әуе кемелерінің де болғаны жүктемені азайта түседі, - деді Ластаев. 

Ұшақта 174 орындық бар, оның ішінде 12-сі бизнес-класс болса, 162-сі эконом орындар. Әуе кемесі  - орташа магистральді Boeing. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Авиажанармай тапшылығы

Жанармай тапшылығы дәл осы кездегі мәселе емес, қазір әлем бойынша авиажанармай тапшылығы бар. Оның негізгі тетігі – өндіріс көлемі. Отандық авиажанармайдың өндірісі Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылына 650-700 мың тоннаны құрайды. Ал оны тұтыну, өсімді есептегенде млн-нан асады. Сәйкесінше, өндіру көлемі сұранысты жаппайды. Жанармайдың жарты бөлігін импорттау қажет болады. Ресей мен басқа елден жеткізулер жүргізіліп жатыр. Отандық жанармайдың бағасы ерекшеленеді. Себебі тарифтердің бағасына қатты әсер етпеу үшін отандық жанармай алдымен отандық компанияларға бөлінеді. Ол тұрақты түрде жолаушылар тасымалын жүргізген компанияларға беріледі, - деді Ластаев. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Оның айтуынша, қазір компаниялар импортпен айналысып жатыр. 

Біз импортты жеке емес, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асыруын ұсынып отырмыз. Себебі олар авиаотынды орталықтандырылған жүйемен алады. Энергетика министрлгімен бірігіп ол жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Авиажанармайға тапшылық бар екен деп жолаушылардың сұранысын ескерусіз қалдыруға болмайды, - деді ол. 

Рейстердің кешігуі

Төрт айыппұл салынды. Айыппұлдың көлемі әкімшілік кодекс аясында бекітілді. Ол жолаушылардың рейстің кешігуіне емес, кешіккен уақытта жолаушылар құқығының орындалмауына қатысты болады. Егер әуекомпания ыстық тамақ пен қонақ үймен қамтамасыз етпесе, өзіне міндеттелген міндетті орындамаса, айыппұл төлейді. Ал рейстің кешігуіне тікелей айыппұл төлемейді. Себебі компания ұшулардың қауіпсіздігіне салғырт қарамауы керек. Егер ұшақ ұша алмаса, ол тасымалдау жасамауы керек. Жалпы жолаушылардың шағымдары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Талғат Ластаев. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Scat әуе компаниясының төрағасы Владимир Денисов атағандай,  ұшақ бір ай бұрын келуі керек болған. 

Сұраныс, тариф, авиажанармай: Еліміздің авиациясы тағы бір әуе кемесімен толықты

Өкінішке қарай, ұшақ бір айға кешікті. Проблема тек біздің елде ғана емес, Америкада да бар. Биыл біздің компаниямызға 25 жыл толып отыр. Бұл жоспарлы тоғыз ұшақтың алғашқысы. Тағы 8-ін осы жылдың соңына дейін күтеміз, - деді Денисов. 

Өзгелердің жаңалығы