Сұмдық: Жеп қойған ер адамның башпайларын сатпақшы болған әйел ұсталды

Бүгiн, 01:30
5946
Бөлісу:
Сұмдық: Жеп қойған ер адамның башпайларын сатпақшы болған әйел ұсталды
Фото: pixabay.com

Австралия тұрғыны Джоанна Кэтлин Кинман қоқыстан ер адамның башпайларын тауып алып, оларды қара нарықта сатпақшы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Canberra Times басылымы таратқан мәліметке сәйкес, бәрі Кинман жұмыс істеген жануарлар қорғалайтын жерге өз қожайынын жеп қойған екі итті әкелген 2024 жылы басталған. Ер адам табиғи себептерден қайтыс болғаны, ал аш қалған иттері иесінің денесін жеуге мәжбүр болғаны айтылған.

Ал иттерді паналатқан жерде олар кейін қожайындарының жеген дене бөлшектерін, соның ішінде башпайларын қайтадан құсып тастағаны анықталған. Кинман бұл туралы білген соң оларды іздеп, қоқыс жәшігіне барған. Дегеніне жетіп, башпайларды тауып алған соң үйіне әкеліп ыдысқа салып, формальдегидке құйған.

Басылымның дерегі бойынша, әңгіме арасында әйел қызына башпайларды ғаламтор арқылы 400 долларға сатқысы келетінін мойындайды. Кинманның бұл ойы кейін полицияға әшкере болған.

Тәртіп сақшылары әйел адамның үйіне келіп, ол жерден тек башпайларды ғана емес, балаларының тістерін, аллигатордың, теңіз шошқасының тұяқтары мен құстың бассүйегін тапқан. Кейіннен әйелдің сондай "заттарды" сатумен айналысқаны айқындалды.

Сұмдық жайттардың беті ашылған соң Кинманды басшылық жұмыстан шығарған. Қазіргі уақытта ол сот шешімін күтуде.

Өзгелердің жаңалығы