Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздің 2020 жылғы экспорт көлеміне қорытынды жасады. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Корона дағдарыс жылы қиыншылығымен болды (шынымды айтсам, қазір ковидтік тыйымдармен проблемалар көп). Қазақстанның жалпы экспорты 19%-ке артып, $46,9 млрд құрады. Экспорттың негізгі қысқаруы мұнай мен газдың төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, егер мұнай экспортының физикалық көлемі бұрынғы деңгейде қалса, баррелдің арзандығы ақшалай баламаны 29,4%-ке төмендеткен. Бізді қуантарлығы, осы қиын кезеңде қайта өңделген тауарлармен сауда үлкен тұрақтылықты көрсеткені. Мұнда экспорт $15,8 млрд-тан $15,4 млрд-қа дейін төмендеді. Логистикалық қиындықтарға қарамастан, біз шикізаттық емес экспорт көлемін дағдарысқа дейінгі деңгейде ұстадық - дейді министр.
Экспорттың төмендеуі көбінесе бағаның төмендеуіне байланысты.
Мысалы, мырыш жеткізілімінің физикалық көлемі тек процентпен төмендеді, ал экспорттың құны 15% - тен астам төмендеді. Сұйытылған газдың жеткізілімі 2 119 016,8 тоннадан 2 162 469,9 тоннаға дейін өсті, бірақ бағасы $670 млн-нан $593 млн-ға дейін төмендеді. Экспорттың көптеген тауарлары бойынша жағдай ұқсас, солардың ішінде: болат илемдеу, газдар, алюминий, ферроқорытпалар, қорғасын және циклдық көмірсутектер. Бәрінен бұрын «бағаның құлдырауын» аталған тауарларда көрсетті, жеткізілімдердің 2,1 есе өсуімен ақшалай эквивалент тек 27%-ке өсті - дейді Бақыт Сұлтанов.
Қазақстандық ұн үлкен сұранысқа ие болды.
Оның жеткізілімдері 12%-ке өсті, ал пайда (әлемдік бағаның өсуіне байланысты) үштен бірге өсті. Айтпақшы, бидай экспорты 1,2%-ке төмендеп, пайда 13,4%-ке өсті. Ия, жыл қиын болды. Бірақ кез-келген дағдарыстың жақсы жағы бар, өйткені ол тез шоғырлануды ынталандырып, жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады. Пандемия кезінде тыйым салудың алғашқы күндерінен бастап ашылған экспорттаушыларды қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы орталығымыз кәсіпкерлерге тауарларын сыртқы нарықтарға шығаруға "қол режимінде" көмектесті. Бүгінде бұл орталық экспорттаушылар мен Министрліктің екіжақты байланысының жақсы жолға қойылған алаңына айналды. Біздің Qaztrade-тің мамандары кәсіпкерлермен 24/7 байланыста болып, туындаған проблемалар кезінде кәсіпкерлерге көмектесуді жалғастыруда - деді ол.
Өткен жылдың тағы бір маңызды қорытындысы – экспорттық акселерация.
Аскелерацияның алғашқы "түлектері" іскерлік байланыстар орнатып, қытайлық сатып алушылармен келісім-шарттар жасауда. Жақын арада біз ү акселератордың екінші жиынтығын іске қосылуы туралы сөз қозғайтын боламыз (қазір мүмкін салалар мен елдік бағыттары бойынша талдау аяқталуда). Бұл біздің компанияларымызды Alibaba-ға шығарумен бірге (одан басқа, біз қазір басқа да халықаралық маркетплейстермен ынтымақтастықты белсенді пысықтап жатырмыз) жақын болашақта шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жақсы нәтиже береді. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, биылғы жыл күрделі болып қалады. Бірақ біз экспортқа бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын бір терезеде шоғырландырып, кәсіпкерлердің сенімін ақтай отырып, экспортты жылжыту мен қолдаудың ажырамас жүйесін қалыптастырдық. Бизнеспен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, біз осы қиын жылда жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін - деді министр.