Сұлтанов: Қазақстан мен Тәжікстанның өзара тауар айналымы 3,7%-ға өсті

20 Мамыр 2021, 16:54
2371
Бөлісу:
Сұлтанов: Қазақстан мен Тәжікстанның өзара тауар айналымы 3,7%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми делегациясының құрамында Тәжікстанда жүр.

Біздің еліміз үшін Орталық Азия – сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі. Тәжікстанмен бұрыннан тығыз байланыс орнатылған - біз Тәжікстанның екінші ірі сауда серіктесіміз. Өткен жылы пандемияға қарамастан, екі елдің өзара тауар айналымы 3,7%-ға – $791 млн-ға дейін өсті, бұл ретте біздің экспортымыздың өсуі 6%-дан асып, $693 млн-ға жетті. Ал Тәжікстаннан негізінен біз кенді концентраттар мен минералды су импорттаймыз, - дейді министр сапары жайлы.

Бірақ екі ел де тауар номенклатурасын кеңейтуге мүдделі. 

Біз Душанбеде экспортты $80 млн-нан артық өсіре алатын 35 тауар позициясының тізімін ұсындық, сауданың өсуіне Kazakh Export қаржы тетіктерін пайдалану да көмектеседі. Екі жыл бұрын Душанбеде Kazakh Export-тың өкілдігі ашылды. Қазір тәжік тарапының қазақстандық өнімді сатып алуы бойынша Kazakh Export-тың бірқатар ірі жобаларын қаржыландыру мүмкіндігі талқылануда. Екі елдің кәсіпкерлері аптаның басында Душанбеде өткен бизнес-форум аясында кездестіп,$100 млн-ға келісімшарттар жасасты, Kazakh Export қолдауы да мұнда өз рөлін атқарды. Ал біздің экспорттаушыларға арналған бірыңғай терезе – QazTrade-Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен байланыс орнатуда, - дейдіБақыт Сұлтанов.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бағыттарының бірі тауар өткізу жүйелерін түйістіру екенін айтады.

Оның ішінде, тәжік ауыл шаруашылығы өнімдерін қазақстандық нарыққа жеткізу үшін бірлескен көтерме-тарату орталықтар салу арқылы қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сауда тізбегіндегі аралық байланыстардың қысқаруы арқылы біз дүкендердегі тәжік тауарларының бағасын арзандата аламыз. Айтпақшы, тәжік мейізі бізде танымал. Сондай-ақ біздің мұнай өнімдерімізді жеткізуді ұлғайту перспективасы бар, біз қазір Рессейден кейін Тәжікстанға мұнай өнімдері экспорты бойынша екінші орында тұрмыз, - дейді министр.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің ұсынысы бойынша өзара сауданы дамыту жөніндегі барлық идеялар 2019-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын арттыру жөніндегі қолданыстағы Жол картасын өзектендіру кезінде және 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу кезінде енгізілетін болады.

1995 жылдан бері Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстан тарапынан Үкіметаралық Комиссиясының жұмыс органы біздің Сауда министрлігі болып табылады. Үкіметаралық Комиссиясының 16-шы отырыс наурыз айының соңында өтті. Онда, басқа мәселелермен қатар, бірлескен кәсіпорындар құру перспективасын талқыланды. Қасым-Жомарт Кемелұлы әріптесіне де осы бағыттағы бірқатар жобаларды ұсынды, - дейді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов біз өз тауарайналымымызды тек өніммен қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету, мысалы, аэроғарыштық индустрия және спутниктік байланыс арқылы ұлғайта аламыз деген пікірде.

Жалпы, пайдаланылмаған әлеует орасан зор. Екі елдің президенттері үкіметтерге осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды (бақытымызға орай, қазір коронавирустық бұғаттаулардан кейін әлемдік экономика біртіндеп жандана бастайды). Таяу жылдары өзара тауарайналым $2 млрд жетуі тиіс. Жұмыс істуге жоспар қөп!, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы