Сұлтанов: Қазақстан-Қытай шекарасында 8000-нан астам вагон уақытша тоқтатылды

27 Сәуір 2021, 20:53
1321
Бөлісу:
Сұлтанов: Қазақстан-Қытай шекарасында 8000-нан астам вагон уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қытай Халық Республикасының Коммерция министрі Ван Вэнтаомен онлайн келіссөздер жүргізді.

Екі жақтың бір-біріне сұрақтары жинақталып қалған. Бір жарым сағат ішінде өзара саудадағы проблемалардың кең ауқымы талқыланды.

Ең алдымен, елімізде ең көп талқыланып отырған "шекара тақырыбын" айтқан болатынмын. Қазіргі уақыта Қазақстан-Қытай шекарасында "Нұр жолы - Қорғас", "Алакөл - Алашанькоу", "Бақты – Покиту" секілді үш автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді: Олар арқылы күн сайын 40-50-ден артық машина өтпейді, дегенмен бұрын біз мүлдем басқа көлемдерді талқылағанбыз. Мысалы, "Нұр жолы - Қорғас" арқылы бүгінгідей 20 машина емес, 150 машина өтетіндігін жоспарлаған болатынбыз - деп жазды министр өзінің парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда біз жағдайға түсіністікпен қараймыз, бірақ біздің тарап өткізу пункттерінде тауарлар мен машинаны толық дезинфекциялауды қамтамасыз етуге және дезинфекция жүргізілгеннен кейін әрбір машинаға дезинфекциялау бойынша орындалған жұмыстардың актісін беруге дайын. 

Біз бұл мәселені Бейжіңде шекаралық сауданы талқылау және шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ескеру керек деп санаймыз. Сондай-ақ, мен әріптесімнен Қытай тарапының жүк пойыздарын қабылдауды көбейту мәселесін шешуге көмектесуін сұрадым. Қазір біздің елдеріміздің шекарасында 8000-нан астам вагон уақытша тоқтатылды. Бейжің біздің тауарларға қызығушылық білдіргеніне қарамастан, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерінне, бұл проблемалар біздің Қытайға экспортымыздың көлеміне тікелей әсер етеді - дейді Бақыт Сұлтанов.

Ол қытайлық әріптесіне Қазақстанның Қытай Халық Республикасына жеткізілімдерін кеңейтуге дайын екенін хабарлағанын айтты.

Қытай еліне экспортты арттырудың жалпы әлеуетін біз 60 тауар позициясы бойынша миллиард долларға жуық бағалаймыз. Бірақ бұл үшін бірқатар маңызды мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Мысалы, сиыр еті мен шошқа етін өндіретін жаңа қазақстандық кәсіпорындарды Қытайға экспорттау үшін аккредиттеу мәселесін шешу және қой мен ешкі шешек ауруы бойынша шектеулерді алып тастау. Қытайға экспорттау құқығына ие біздің жеткізушілеріміз тап болған тағы бір мәселе – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салу. Ван Вэньтао мырза біздің Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеден басқармасымен келіссөздерімізге жәрдемдесуге уәде берді. Айтпақшы, Ван Вэньтао мырза кеденшілермен 2021 жылы рапс пен картоп бойынша қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірлескен инспекциясының мерзімдерін келісу туралы, және бұршақ, мақсары, жасымық инспекциясының қорытындысын беруді жеделдету туралы келіссөздер жүргізеді - дейді министр.

Осы орайда Бақыт Тұрлыханұлы кәсіпкерлер үшін маңызды жаңалық айтты.

Мен қытайлық әріптесіме "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігін дамыту жоспарларымыз туралы хабарладым. Біз бірлескен және өзара мойындалатын сынақ зертханаларын ашуды пысықтауға келістік. Бұл біздің Қытайға экспортымызды да, Еуразиялық одақ елдерімен Қытай саудасын да айтарлықтай жеңілдетеді - дейді ол.

Екі елдің өзара саудасының маңызды мәселелері өте көп. 

Мемлекеттік органдар арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бойынша келіссөздер тұрақты негізде жүргізілуде. Дегенмен, "сауда басшыларының" мұндай жеке кездесулері, тіпті онлайн режимінде де өте нәтижелі. Қытай Халық Республикасының Коммерция министріне тоқсанына кемінде бір рет жеке келіссөздер жүргізуді ұсындым. Келіссөздер өзара сауданың көптеген проблемалық мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенемін. Өйткені, халық айтқандай, бірлескен күш-жігермен алып тауларды да бұруға болады - дейді Сауда министрі.

Өзгелердің жаңалығы