Сұлтанов инфляцияның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша кеңес өткізді

14 Ақпан 2022, 21:52
1298
Бөлісу:
Сұлтанов инфляцияның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов инфляцияның өсуіне жол бермеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика және сауда министрлері, сондай-ақ Ұлттық банк басшылығы Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы баяндады.

Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту жөніндегі жедел және жүйелі шаралар туралы хабарлады. 

Кеңесте сұйытылған мұнай газының, жанар-жағар майдың, көмір, электр энергиясының құнын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау жөніндегі жұмыстар туралы да айтылды. 

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға инфляцияның нысаналы дәлізін ұстап тұру және негізгі тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін толық шаралар қабылдауды тапсырды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын болжау алгоритмін әзірлеуді жеделдету тапсырылды.
 

Өзгелердің жаңалығы