Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың алдына ала қорытындыларын жариялаған ҚР Сауда және интеграция министрі бақыт Сұлтанов биылғы жылы министрліктің күрделі коронавирус жылындағы маңызды жетістіктерінің бірі - экспортты жеделдету бағдарламасын іске қосу екенін айтты.
Тамақ өндіруші 35 компания Қытаймен сауда жасау үшін «арнайы дайындықтан» өтті. PricewaterhouseCoopers халықаралық нарық сарапшылары жарты жылға жуық уақыт бойы әрбір қатысушы компанияға кеңес берді. Айта кетсек: импортталатын өнім қандай "сапалы" сипаттамаларға ие болуы керек, қытай тұтынушыларының санасына жарнамалық "шабуылды" қалай жүргізу керек, ҚХР-ға экспорттау үшін сертификаттаудан қалай өту керек және оның бағасы... (Бағдарламаға қатысушылар үшін барлық семинарлардың бейнежазбасын ҚР СИМ-нің Youtube парақшасынан көруге болады). Біз үшін ең бастысы-сауда келіссөздері. Шанхай импорттық көрмесі жұмыс істеген бірнеше күннің ішінде қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында 160 B2B онлайн-кездесу өткізілді. 200-ден астам қытайлық контрагенттер ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Жақын арада біз 18 меморандумға қол коюды жоспарлап қойғанбыз - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, меморандум әлі келісімшарт емес.
Бірақ бұл қазірдің өзінде"келісімшарт алдындағы кезең". Қазіргі таңда, шекаралардың жабылуына байланысты жағдай күрделеніп, келісімшарттардың үштен бірі логистикадағы қиындықтарға сәйкес "тоқтап тұр". Қытай импортты жүктерді өте шектеулі мөлшерде өткізіп, карантинге жабылуда. ҚХР-да сатып алушылардың көпшілігі осы қиындықтарды ескере отырып, біздің өнімдерімізді антиковидті шектеулерді алып тастау туралы шешімі қабылдағаннан кейін тапсырыс беруге дайын екендіктерін білдірді. Қазақстандық компаниялар үшін бұл өте маңызды. Әңгіме бір реттік жеткізілім туралы ғана емес, ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы да болып отыр. Бұл жағдайда біз 131 миллион доллар (дәлірек айтсақ, күтілетін 18 меморандум мен алғашқы «сынақ» жеткізілімдері осылай бағаланған болатын) туралы айтпаймыз, әңгіме мүлдем басқа сандар туралы болады. Біздің «мұқият болжамдарымыз» бойынша келесі жылы жалпы құны 1,4 миллиард болатын тағы 49 келісім-шарттар (жылдық) жасалады, қазір олар бойынша белсенді келіссөздер жалғасуда - дейді Бақыт Сұлтанов.
Айта кетсек, қытайлықтар біздің дәстүрлі ұн, ет және майға ғана емес, сонымен қатар жаңа өнімдерге де қызығушылық танытып жатыр. Мысалға: түйе сүті, квас және құрғақ таңғы ас, соның ішінде «сұлы жармасы» (геркулес).
Иә, биылғы жылы біздің экспортымыз айтарлықтай төмендеді. Бейжіңмен жабылған шекаралар қазақстандық экспорттаушылар үшін көптеген қиындықтар туғызды. Дегенмен, осы қиын жылдың өзінде Қазақстан Қытайға өз экспортын 14,6%-ға, оның ішінде қайта өңделген тауарларды 17,1%-ға өсіре алды. 10 ай ішінде отандық тауарлар мен қызметтерді (шикізат емес) ҚХР-ға жеткізуіміз $3,8 млрд құрады (өткен жылы осы кезеңде 3,2 млрд болды). Біз экспортты жеделдету бағдарламасынның түлектерін тағы бір жыл бойы "дайындауды" жалғастырамыз. Келесі топты 2021-ші жылдың көктеміне жинауды жоспарлап отырмыз - дейді ол.