Сұлтанбек Мәкежанов сәулет және қала құрылысы мәселелерін талқылады

16 Тамыз 2022, 16:47
948
Бөлісу:
Сұлтанбек Мәкежанов сәулет және қала құрылысы мәселелерін талқылады
PHOTO

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Алматыда белгілі сәулетшілермен және шаһардың жоспарлау және урбанистика басқармасының басшылығымен бірге сәулет жобаларын, қалаларды жоспарлау, абаттандыру, көгалдандыру және жайлы орта құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде депутат сәулетшілердің жақын арада жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларына назар аударды. Атап айтқанда, сенаторға Шымкент қаласындағы жаңа саябақ, Павлодар қаласындағы экопарк және тағы басқа нысан жобалары таныстырылды.

Сұлтанбек Мәкежанов сәулет және қала құрылысы мәселелерін талқылады

Сәулет және қала құрылысы алдымен қолайлы және үйлесімді орта құруға бағытталуы керек. Бұл сала кәсіби мамандардың жүйелі жұмысы мен ізденісін қажет етеді. Тың бастамаларды Үкімет пен Парламент қолдауға тиіс. Қазақстан сәулетінің әлеуеті зор. Осы бағыттағы туризмді дамытуға да мол мүмкіндіктер бар, – деді сенатор.

Сұлтанбек Мәкежанов сәулет және қала құрылысы мәселелерін талқылады

Өз кезегінде, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы сенаторға мегаполис аумағында сәулет және қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сұлтанбек Мәкежанов сәулет және қала құрылысы мәселелерін талқылады
Өзгелердің жаңалығы